Қыздың бұл жауабына имамның өзі таң қалғанын жасырмады.
Әлеуметтік желіде жас жұбайлардың неке қию сәтіндегі видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видеода неке қиылып болған соң имам қалыңдықтан мәһрге не қалайтынын сұраған. Алдымен қыз болашақ күйеуінен жасқана "айта берейін бе?" деп сұрады.
Күйеу жігіт қыздың бұл қылығына күліп, қаттырақ айтуын өтінді. Имам да қалжыңмен "қаламым жазып жатыр, айта беріңіз" дегенде қалыңдық "Лексус автокөлігі" деп қойып қалады.
Қыздың бұл жауабына имамның өзі таң қалғанын жасырмады.
Алайда желі қолданушылары жас келінді сынап тастады.
"Үндемей, ыздиып отырып бірден машина сұрадығой", "Тойсыз, махрсыз, су тегін кеткендер біз біргеміз, Бірге бақытты ғұмыр кешуді сұрамайсың ба", "Мәһр үшін тидің бе күйеуге", "Үндемей отырып бәле екен", "Оны неменеге майысып айтып отыр", "Денсаулық сұрамайсың одан да Құдайдан", "Есеппен тидім деші", - деп жазды.