$ 531.96  622.45  6.79

Мектептегі былық әшкереленді: Жамбылда директор орынбасарын таңдауда конкурс заңсыз өткен

Аталған қызметке үміткер болған әйел мектеп пен комиссияны сотқа берген.

Фото: pexel
Фото: pexel

Жамбыл облысында мектеп директорының орынбасары қызметіне жарияланған конкурсқа қатысты көптеген заңбұзушылықты сот анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жамбыл облысында мектеп директорының орынбасары лауазымына өткен конкурсқа қатысты көптеген заңбұзушылықты сот анықтады.

Аталған қызметке үміткер болған әйел мектеп пен комиссияны сотқа берген. Оның айтуынша, оны еш түсіндірместен конкурсқа қатыстырмаған және байқау құжаттарын көрсетуден бас тартқан. Сот үміткердің талаптарға сәйкес келмейтінін анықтады. Оның қажетті біліктілігі болмаған, ал конкурс жеңімпазының біліктілігі толық болған. Сондықтан оның конкурсқа қатысуға құқығы болмаған.

Сонымен бірге, сот конкурс рәсімінің өзінде де қателіктерді анықтады. Комиссия құжаттарды заңсыз қабылдап, тізімдерді дұрыс рәсімдемеген, бағалауда да дәлсіздіктерге жол берген. Бағалау парақтарында қол қойылмаған түзетулер болған. Сондай-ақ комиссия үміткерлердің жарияланымдары мен кәсіби жетістіктері үшін баллды дұрыс есептемеген.

Сот отырысының қорытындысы бойынша Жамбыл облысының білім басқармасына жеке ұйғарым жолданды. Басқарма кінәлі қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданды: біріне сөгіс, екіншісіне ескерту берілді. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары