$ 541.93  636.71  6.83

Қызылордада жедел жәрдем дәрігерлері мотоциклмен жүр (ВИДЕО)

"Екі үйге көлікпен бару мүмкін емес". 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы жедел жәрдем қызметі әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желілерде тараған видеодан жедел медициналық көмек қызметкерлерінің мотоциклмен жүргенін көруге болады.

Пікірлерде қазақстандықтар: «Дипломмен – ауылға», «Қайран дәрігерлер, жағдай жоқ қой», «Обал-ай, жедел жәрдемдерің анау», «Жарығы қайда, көлік бермеген бе?» – деп жазуда.

Желі қолданушыларының орынды сұрақтары пайда болды: Неліктен қызметкерлердің қызметтік көлігі жоқ?, Науқасты қалай тасымалдайды?, Жолдың нашарлығы осындай амалға мәжбүрлеп отыр ма?.

Ал әкімдіктегілер бұл видеоның облыстық жедел жәрдем станциясы қызметкерлерінің өз бастамасымен түсіріліп, жеке әлеуметтік желідегі парақшаларында вайб-контент ретінде жарияланғанын хабарлады. Сонымен қатар, әкімдік өкілдері видеода теміржолдың арғы бетінде орналасқан екі үйге бару сәті түсірілгенін айтты.

«Ауылда теміржолдың ар жағында екі үй бар. Ол жаққа көлікпен бару мүмкін емес, сондықтан мотоциклмен баруға тура келген», – деді әкімдіктегілер.

Аймақ билігі қазіргі таңда облыстық жедел жәрдем қызметінің иелігінде 120 автомобиль барын, олардың тәулік бойы жұмыс істейтінін мәлімдеді. Барлық көлік заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген және кез келген шұғыл жағдайға жедел әрекет етуге дайын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары