Желідегілер оның шетелдегі бейәдеп қылығына шағымданған.
Қытайда пранк түсірген қазақстандық қыз көпшіліктен кешірім сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Полиция қызметкерлері Қытайдағы пранктары үшін қазақстандық қызбен профилактикалық әңгіме өткізді.
Қазақстандық қыздың Қытайда түсірген пранкі желіде резонанс туғызды. Желідегілер оның шетелдегі бейәдеп қылығына шағымданған.
"Менің видеом ешкімді ренжіту мақсатында түсірілмеді. Бұл ойланбай жарияланған жазба болды. Егер біреуге әсер етіп, көңіліне тисем, кешірім сұраймын. Енді контент жариялау мәселесіне әлдеқайда жауапкершілікпен қарайтын боламын", – деді блогер.