$ 544.87  639.02  6.88

Сырттай қамауға алынды: Танымал блогер Юрий Дудьке халықаралық іздеу жарияланды

Бұған дейін жазушы Борис Акунин де сырттай 14 жылға сотталған болатын.

Фото: Юрий Дудьтің Telegram-арнасынан
Фото: Юрий Дудьтің Telegram-арнасынан

Сот санкциясы Дудь Ресейге экстрадицияланған немесе ел аумағында ұсталған сәттен бастап күшіне енеді. Бұл шешім оның шетелдік агент ретінде заң талаптарын орындамағаны үшін қабылданды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

ТАСС мәліметінше, іс оның бірнеше рет міндетті белгісіз материалдар жариялап, шетелдік агенттерге қойылған талаптардан әдейі жалтаруына байланысты қозғалған. Ол екі рет әкімшілік жауапқа тартылып, талаптарды орындауды тоқтатпаған. РФ Қылмыстық кодексінің 330.1-бабы 3-бөлігі бойынша ең жоғары жаза — бес жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Сот мәліметіне сүйенсек, «блогер Дудь Ресейдің әскери және әскери-техникалық қызметіне қатысты мәліметтерді мақсатты түрде жинаумен айыпталып отыр».

Юрий Дудь — журналист, блогер, 10 миллионнан астам жазылушысы бар «вДудь» YouTube арнасы арқылы танымал болған. 2022 жылы Ресейде «шетелдік агент» деп танылып, елден кеткен еді.

Бұған дейін жазушы Борис Акунин де сырттай 14 жылға сотталған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#блогер #Ресей