23.07.2025, 14:00

Қарағандыда кәріз құдығында жұмыс істеген екі жұмысшы қаза тапты

Фото: aikyn.kz

Олар жөндеу жұмыстары кезінде кәріз газдарынан уланып, улы буға тұншығып қалған.

Қарағандыда «Қарағанды Су» компаниясының екі қызметкері кәріз құдығында жұмыс істеп жатқан кезде көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Алдын ала мәлімет бойынша, олар жөндеу жұмыстары кезінде кәріз газдарынан уланып, улы буға тұншығып қалған.

Компания өз қызметкерлерінің қаза болғанын растап, арнайы комиссияның жұмысын бастағанын мәлімдеді.

Полиция қылмыстық іс қозғап, сараптамалар тағайындады.