Оқиға 30 маусым күні футбол алаңында болған.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Серікбек Алдабергенұлы Сақайбековке Алғыс хат табыстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айта кетейік, Серікбек Сақайбеков Алмалыбақ ауылында 10 жасар баланы бір ажалдан құтқарған болатын.
Оқиға 30 маусым күні футбол алаңында болған. Баланың көмекке шақырған даусын естіп, Серікбек Сақайбеков ойланбастан көмекке ұмтылып, өз өміріне қауіп төнсе де, баланы иттерден арашалап қалған.
Облыс әкімі ерлік иесіне алғысын білдіріп, мұндай оқиғалар қоғамдағы бейжай қарамаудың азаймағанын, шынайы жанашырлықтың бар екенін көрсететінін атап өтті.