23.07.2025, 18:40

«Анасы шырылдап жүр»: Танымал журналист Айзат қаза тапқан ауылға барды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Руслан Өтепбайдың айтуынша, марқұмның туысқандары хабарласып, көмек сұраған.

Журналист Руслан Өтепбай күйеуі атқа сүйреп өлтірген келіншектің оқиғасын зерттеуге барғанын айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы turkystan.kz-ке сілтеп. 

Еске сала кетейік, бұған дейін 22 маусымда Жетісу облысы Ақсу ауданына қарасты Баласаз ауылында 32 жастағы Айзат Жұманованы күйеуі арқанға байлап, жылықымен сүйреткені туралы жазған болатынбыз. Келінше ауыр соққылардан қаза тапқан. Ер адам әйелін алдымен ата-анасының үйіне, кейін ғана ауруханаға апарып тастаған. Алайда Айзатқа көмек кеш көрсетілгендіктен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Руслан Өтепбайдың айтуынша, марқұмның туысқандары хабарласып, көмек сұраған.

"Айзат Жұманова 22 маусым күні көз жұмды. Оқиға Жетісу облысы, Баласаз ауылында орын алған. Марқұмның ата-анасы әділдік іздеп, шырылдап жүр. Олардың айтуынша күйеубала 32 жасар келіншекті азаптап өлтірді деп санайды. Журналистік зерттеумен Жетісу облысына келдім. Үлгеріп жатсам толық шығарылымды бүгін YouTube арнама жүктеймін", – деп жазды Руслан Өтепбай.