$ 544.87  639.02  6.88

Шығын 56 млн: Қостанайда сот орындаушысы борышкерлерді сан соқтырған

Зардап шеккендердің азаматтық талаптары толық қанағаттандырылды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қостанайда бірнеше жыл бойы борышкерлерден түскен ақшаны қалтасына басып келген жекеменшік сот орындаушысы сотталды. Алдау 31 адамға зиян тигізіп, жалпы шығын 56 млн теңгеден асты, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеп. 

Қалалық соттың мәліметінше, сотталған азамат жекеменшік сот орындаушысы қызметін атқарып, атқарушылық іс жүргізу барысында борышкерлерге төлем жасау туралы қаулылар жолдаған. Қаражат оның көрсеткен шотына — аударымдар немесе жалақыдан ұстау арқылы түсіп отырған. Алайда ол ақшаны талап етушілерге аудармай, өз қалауы бойынша жұмсаған.

Сот оның шын өкінгенін, кәмелетке толмаған балалары барын және залалды ішінара өз еркімен өтегенін ескерді. Соның нәтижесінде ол екі жылға бас бостандығынан айырылып, үш жылға сот орындаушысы болып жұмыс істеу құқығынан айырылды. Алайда, ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған амнистия аясында жаза мерзімі бір жылға қысқартылды.

Зардап шеккендердің азаматтық талаптары толық қанағаттандырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары