$ 446.49  475.38  4.79

«Алматы-1» вокзалынан бір адам героинмен ұсталды

Кеше 41-жастағы ер азаматтан 76 граммға жуық героин тәркіленді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, жедел іздестіру шарасы барысында «Алматы-1» станциясы ішкі істер желілік басқармасы есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Алматы қаласының 41-жастағы тұрғынын ұстады. Тексеру кезінде одан аса ірі көлемдегі 75,81 грамм героин табылды.

«Осы факті бойынша есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз өте ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау бойынша қылмыстық іс қозғалды», делінген хабарламада.

Қазір күдікті уақытша-ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары