Оқиға 15 шілдеде Алматы қаласында болған.
Алматыда жасөспірімнің қалтасындағы пауэрбанк жарылып, ауыр күйік алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға 15 шілдеде Алматы қаласында болған. 16 жастағы жасөспірімнің қалтасындағы пауэрбанк кенеттен тұтанып кеткен. Соның салдарынан ол ауыр күйік алып, ауруханаға жеткізілді.
Алматы қалалық балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы директорының орынбасары Құрметбек Тоқтардың мәліметінше, бозбаланың қалтасындағы сымсыз қуаттағыш жарылып, отқа күйген.
"Жедел жәрдем бригадасы оны қабылдау бөліміне жеткізді. Дәрігерлер тексеру нәтижесінде денесінің 20 пайызын зақымданған ІІІ Б дәрежелі термиялық күйік диагнозын қойды", – деді ол.
Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты ауыр. Ол тиісті бөлімшеде ем алып жатыр.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті бұл оқиғаны растады.