Fly Arystan кей орындарды басқа адамдарға қайта сатып жіберді деген айыптарды жоққа шығарды.
Fly Arystan компаниясы Атырау–Ақтау бағытындағы дау шыққан рейс туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Олар бастапқыда 188 адамға арналған Airbus A320Neo ұшағы ұшуы керек болғанын айтты.
Бірақ оны орнына 180 адам сиятын Airbus A320Ceо ұшағы жіберілген. Бұл жаңа ұшақта 32-қатар мүлде жоқ.
Сондықтан 32С орындығы жүйеде көрінбей қалған. Сол себепті кейбір жолаушылар билет алып, тіркелгенімен, соңында ұшаққа отыра алмаған. Компания бұл жағдайдан шығу үшін рейске барғысы келмейтін адамды іздеген, бірақ ешкім табылмаған. Соның орнына зардап шеккен жолаушыға 100 000 теңгелік ваучер берген.
Бұл ваучер 3 ай ішінде Fly Arystan-ның кез келген билетіне және қосымша қызметтеріне жарамды. Fly Arystan кей орындарды басқа адамдарға қайта сатып жіберді деген айыптарды жоққа шығарды. Мұны “жалған әрі дәлелсіз” деп атады.
Сондай-ақ, видеода айтылған тағы бір жолаушы рейс өзгерген соң колл-орталық арқылы басқа рейске ауыстырылған.
Бірақ соңында бәрібір дәл сол ұшақпен ұшып барған.