24.07.2025, 17:20

«Үкімет әділ жазасын берсін»: Айзаттың жұмбақ өлімі туралы қайын атасы айтты (ВИДЕО)

Мен оны ақтамаймын, не деп ақтаймын?

Айзаттың жұмбақ өлімі жайлы оның қайын атасы сұхбат берді. Бұл туралы ол журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Атпен сүйреп өлтірді дегені жалған. Соны жариялаған блогерді сотқа беремін. Біз арақ ішпейтін, шылым шекпейтін адамдармыз. Ұлымның да ондайды қолданғанын көрмеппін», — деді ол.

Сондай-ақ, ұлының әділ жаза алуы керек екенін айтты.

«Изоляторға барған жоқпын, мүлдем бармаймын. Қолымен істегенін, мойнымен көтерсін. Үкімет әділ жазасын берсін. Әділ шешсін. Не болғанын Алла біледі. Ешқандай көмектесіп жатқан жоқпын, қорғаушы да жалдаған жоқпын. Өз мойнымен көтерсе, өзі көтерсін. Мен оны ақтамаймын, не деп ақтаймын?», — деді қайын атасы.