$ 544.87  639.02  6.88

Қостанай облысында жүк көлігі бүлдіршінді басып өлтірді

Оқиға 2025 жылдың 22 шілдесінде болған.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Оқиға Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданына қарасты Тобыл ауылында орын алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алдын-ала деректер бойынша, велосипед мінген 4 жасар бала жол бойымен келе жатқанда, сол бағытта қозғалып бара жатқан жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан бала ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерек бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі – «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соғу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/264553-qostanai-oblysynda-zuk-koligi-balany-basyp-ketti

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары