$ 544.87  639.02  6.88

Астанада кездесуге барған жігіт бойжеткеннің қымбат телефонын ұрлап кеткен

Әңгіме қонақ үй нөмірінде жалғасқан.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Жедел-іздестіру барысында жігіттің жеке басы анықталып, дереу ұсталды. Ұрланған зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тергеу мәліметінше, жас жігіт жәбірленушімен елордадағы түнгі ойын-сауық орындарының бірінде танысқан. Әңгіме қонақ үй нөмірінде жалғасқан.

"Бойжеткен ұйықтап жатқан кезде жағдайды пайдаланып, құны 700 мың теңгеден асатын мобильді телефонды ұрлап кеткен. Көп ұзамай телефонды кездейсоқ жолыққан адамға сатып жіберген. Жәбірленуші полицияға хабарласып, күдіктінің сырт келбетін егжей-тегжейлі сипаттап берген", – деп хабарлады полицияда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары