$ 544.87  639.02  6.88

Юань, доллар, дирхам мен 97 млн теңге: Перизаттың үйінен шыққан қазына жаға ұстатты

Үйде жатқан ұсақ-түйек те есепке алынды.

Фото: instagram.com/01pk
Фото: instagram.com/01pk

Ақшаның өзі де тәркіленді — 97 миллион теңге, 20 мың доллар, 6000 юань мен 100 дирхам. Үйде жатқан ұсақ-түйек те есепке алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Міне, соңғы жылдардағы ең даулы істердің бірі аяқталды. Астанадағы сот Перизат Қайратты 10 жылға, анасы Ғайни Алашбаеваны 7 жылға бас бостандығынан айырды. Екеуі де «қайырымдылық» деген атпен жиналған қаражатты жымқырып, ақшаны заңсыз айналымға салды деп танылды.

Қаражат не үшін жиналды?

Селден зардап шеккендерге, мүгедек балаларға, палестиналықтарға көмек ретінде. Қоғамдық қордың атауы да сенім ұялататын еді — Biz Birgemiz Qazaqstan 2030. Құжат жүзінде – көмек. Іс жүзінде – брендтік киім, қымбат мейрамхана, сән-салондар. Тергеу мәліметінше, бұл қор арқылы 1,5 миллиард теңгеден астам қаржы өткен. Ал қаржылық мониторинг агенттігі келтірілген шығынды 3,5 миллиард теңгеден артық деп есептейді. Бұл – зейнетақысы мен жалақысынан бөліп, ешкімнің қайғысына бей-жай қарамаған қарапайым халықтың ақшасы.

Бірі – баласының денсаулығы үшін тілек тілеп, бірі – жәй ғана адамдық ниетпен көмектескен. Оларды алдады. Сот процесі ішінара жабық өтті. Өйткені Перизат Кайрат жеке мәліметтері мен банк деректерін қорғауды сұраған. Алайда негізгі айыптар мен дәлелдер, жәбірленушілердің сөздері ашық түрде айтылды.

Бұл істе 50-ге жуық адам мен ұйым жәбірленуші ретінде танылған. Прокуратура ұсынған құжаттар мен айғақтар – жүйелі әрі нақты.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары