Алдын ала есеп бойынша, өрт аумағы — 7-8 гектар.
Қарасай ауданындағы Райымбек округінде қураған шөп пен бұта өртеніп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Куәгерлер түсірген кадрлар ақпарат құралдарының редакциясына жолданған. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өрт бағбандар кооперативі аумағында шыққан.
Алдын ала есеп бойынша, өрт аумағы — 7-8 гектар. Қазіргі таңда оқиға орнында жедел штаб құрылып, өртті сөндіру жұмыстары жаяу жүргізіліп жатыр.
«Тікелей жолдың жоқтығы мен жер бедерінің күрделілігі өртті сөндіруге айтарлықтай кедергі келтіріп отыр», — деп хабарлады ведомство.
Жақын маңдағы тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы Жетісу ауданында да қойма өртенген еді.