$ 544.87  639.02  6.88

Қазақстанда жоғалған әскери тікұшақ әлі табылған жоқ

Әуе кемесі 25 шілде күні сағат 15:13 шамасында радардан жоғалып кеткен.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Алматы облысында үш экипаж мүшесі бар EC-145 әскери тікұшағы радардан жоғалып кеткеніне бір тәуліктен асты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Қорғаныс министрлігіне қарасты жоғалған тікұшақты іздеу жұмыстары тәулік бойы, тіпті түнгі уақытта да жалғасты. Әуе кемесі 25 шілде күні сағат 15:13 шамасында радардан жоғалып кеткен.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жоғалған тікұшақ – EC-145 үлгісіндегі жоспарлы ұшуды орындап жүрген тікұшақ. Бортта үш экипаж мүшесі болған. Оқиға орнына арнайы комиссия жөнелтіліп, оқиғаның себебі анықталып жатыр. Арада бірнеше сағат өтсе де, тікұшақтың қайда екені әзірше белгісіз.

EC-145 – еуропалық өндірістегі қос қозғалтқышты тікұшақ. Қазақстанда бұл үлгідегі тікұшақтар әскери және азаматтық мақсаттарда кеңінен қолданылады. Оның сенімділігі, маневрлік қабілеті және күрделі климаттық жағдайда жұмыс істеуге бейімділігімен ерекшеленеді.

Мұндай тікұшақтар Әуе қорғаныс күштерінің қару-жарағында және ТЖМ құрамында бар.

Олар түрлі бағытта қолданылады:

  • санитарлық авиация мен зардап шеккендерді эвакуациялау;
  • іздестіру-құтқару және патрульдік миссиялар;
  • жүк пен жеке құрамды тасымалдау;
  • сондай-ақ таулы аймақтар мен күрт ауа райы өзгерістерінде тапсырмаларды орындау.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары