$ 541.45  631.17  6.78

«Жыныма тиіп тұр»: Автобуста аутизмге шалдыққан баланы балағаттаған әйел көпшілікті ашуландырды (ВИДЕО)

Бүлдіршіннің анасы желіде жанайқайын жеткізді.

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Автобуста аутизмге шалдыққан баланы балағаттаған әйелдің әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан қоғамдық көлікте әйелдің науқас бала мен анасына дөрекілік танытқанын, баланы “топас” деп балағаттап, анасының киіміне тиіскенін көруге болады. 

Автобустағы әңгіме төмендегідей өрбиді: 

Әйел: - Балаң жыныма тиіп тұр.

Ана: - Жыңыңызға тисе, ол сіздің мәселеңіз.

Әйел: - Қалай менің мәселем, оның үстіне хиджабпен.

Ана: - Менің киімімде жұмысыңыз болмасын. 

Әйел: - Балаңды тыныштандыр.

Ана:  - Ол тыныш отыр. 

Әйел: - Тыныш отырған жоқ, балаң ашулы.

Ана: - Өйткені ол аутизмге шалдыққан. Ерекше бала. Ал сіз ұятсыз әйелсіз. Балаға осындай сөздер айтуға қалай дәтіңіз барады. Бұл мүмкіндігі шектеулі бала. 

Аутизмге шалдыққан 6 жасар Анисаның анасы өздерінің көліктері жоқ екенін, инвотиксиге хабарласу қиын болғандықтан күн сайын сабақтарға автобуспен қатынауға мәжбүр екендерін айтады.

“Мен адамдардан тек түсіністік танытқанын күтемін. Бұған дейін менің қызым автобуспен жүруге қиналатын, айқайлап, еденге жатып алатын. Қазір терапияның арқасында дұрысталып келеді, тек бір сөзді қайталап береді. Айқайламайды, тек бір сөзді қайталайды. Ал адамдарға бұл ұнамайды. Бұрын адамдар тек наразылық білдірсе, бүгін мына әйел қызымды “топас” деп атады, мен жылап қалдым”, – дейді Анисаның анасы Сағина. 

Адамдардың осындай наразылықтарынан шаршаған ана қызының кеудесіне үлкен төсбелгі де жабыстырып қойған көрінеді. 

Төсбелгіде “Мен өзімді жаман ұстамаймын, мен ерке емеспін. Менде АУТИЗМ. Өтініш, сабырлырақ болыңыздаршы” деп жазылған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары