$ 541.45  631.17  6.78

Алматы облысында жоғалған тікұшақтың бөлшектері табылды

ТЖМ құтқарушылар тобы шұғыл түрде аталған аймаққа шықты.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Отар елді мекені аумағында байланыс үзілген Әуе қорғаныс күштерінің тікұшағына қатысты оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша іздестіру-құтқару жұмыстарын тәулік бойы жалғастыруда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Командалық орталығында жүргізілген ғарыштық мониторинг барысында Алматы облысындағы Сорбұлақ көлінің акваториясында майлы дақтың болуы мүмкін екендігі анықталды.

- ТЖМ құтқарушылар тобы шұғыл түрде аталған аймаққа шықты. Іздеу жұмыстары түнгі уақытта да жалғасты. Жұмыс барысында Қорғаныс министрлігіне тиесілі болуы мүмкін әуе кемесінің фрагменттері табылды, - делінген ақпаратта.

Оқиға орнында ТЖМ құтқарушылары жұмыс істеуде. Эхолоттар, ұшқышсыз ұшу аппараттары және суасты дрондары сияқты арнайы жабдықтар пайдаланылуда.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына жеке құрамнан 200-ге жуық адам, 40 бірлік техника, 15 су көлігі, 4 кинологиялық есептоп және 2 ТЖМ әуе кемесі тартылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары