26.07.2025, 18:30

Мас күйде төбелес шығарған ауыл әкімі қызметінен қуылды

Фото: pexel

Қабанбай батыр округінің мас күйдегі әкімі қоғамдық орында төбелес шығарған.

Қақтығысқа қатысқан барлық адам жеңіл жарақат алған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанымен, кейін тараптардың татуласуына байланысты іс тоқтатылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекеттік қызметтің абыройын түсіргені үшін округ әкімі қызметінен босатылды.

Айта кетейік, бұған дейін Орал қаласында құмар ойындарға қатысқаны үшін 24 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолданылып, оның 16-сы жұмыстан қуылған еді.