$ 544.87  639.02  6.88

Ақтөбеде қызға интимдік қатынас, бір реттік некеге тұруды ұсынған ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Оқиға 25 шілде күні Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ғасыр» мешітінде болды.

Фото: Ақтөбе облыстық ПД
Фото: Ақтөбе облыстық ПД

 Ақтөбе қаласындағы орталық мешіт ішінде келушіге тиіскен ер адамды полиция бөлімшеге жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқиға 25 шілде күні Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ғасыр» мешітінде болды.

- Шығаберіс есік алдында ер адам келуші қыздың жолын бөгеп, әдепсіз астары бар сөздер айтқан. Аталған оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады. Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Ер адамның кім екені анықталды. Мән-жайды анықтау үшін ол ішкі істер органдарына жеткізілді. Құқықбұзушыға түсіндіру жұмысы жүргізілді. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 449-бабы 2-бөлігіне (Қоғамдық орында тиісу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберіледі, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары