Өзбекстанның еңбек министрлігі шенеуніктің жұмыстан босатылғанын мәлімдеді.
Өзбекстанда Zoom жиналысы кезінде әріптесін тізесіне отырғызып, құшақтап отырған шенеуніктің әрекеті қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Nova24.uz басылымына сілтеме жасап.
Оқиға Өзбекстанның Самарқанд облысында болған. Әлеуметтік желілерде тараған кадрлардан жиналыс кезінде шенеуніктің әріптесін тізесіне отырғызып, құшақтап отырғанын көруге болады.
Өзбекстанның еңбек министрлігі шенеуніктің жұмыстан босатылғанын мәлімдеді.
Министрліктің мәліметінше, оқиғаны жауапты органдар мұқият зерттеген, дауға себеп болған қызметкерлердің еңбек шарттары бұзылып, қызметірінен босатылған.
Шенеунік Самарқанд облысы Каттакурган ауданының жұмыспен қамту және кедейлікті қысқарту бөлімінің басшысы болып шықты. Ол бұл қызметті 2023 жылдың желтоқсан айынан бері атқарып келген.