Туристерді балықшы құтқарып қалды.
Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында ішінде төрт адам болған қайық аударылып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Абырой болғанда, оқиға орнына жақын маңда жүрген балықшы мән-жайды байқап қалып, суға құлаған азаматтарды өз қайығына отырғызып, алғашқы көмек көрсеткен.
Кейін оқиға орнына жеткен құтқарушылар туристерді катерге ауыстырып, аман-есен жағаға шығарды. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болмаған.