$ 541.45  631.17  6.78

«GTA-дағыдай қашты»: Қостанайда полицияның мас жүргізушіні қуған видеосы тарады (ВИДЕО)

Оқиға 26 шілдеге қараған түні болған.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қостанайда TANK 300 мінген 57 жастағы ер адам мас күйінде жол апатын жасап, оқиға орнынан бой тасалаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 26 шілдеге қараған түні болған.

"Ер адам бағдаршамның қызыл түсіне өтіп бара жатып, бөренеге соғылып, ВАЗ-2115 көлігімен соқтығысқан. Куәгерлердің айтуынша, көлік GTA ойынындағыдай жол бойымен заңды бұзып, келе жатқан", –  дейді тәртіп сақшылары.

Полицейлердің құқықбұзушыны қуалаған видеосы тарады.

Ер адам ұсталып, оған бірнеше бап бойынша айып тағылды. Көлік арнайы тұраққа, ал оның иесі сауықтыру орталығына жіберілді. Іс материалдары сотқа жіберілді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары