$ 543.24  619.89  6.78

Транзит тасымалының көлемі 14,6 млн тоннаға жетті: Тоқаев ҚТЖ төрағасын қабылдады

Президентке ұлттық компания қызметінің нәтижелері туралы мәлімет берілді.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Президентке ұлттық компания қызметінің нәтижелері туралы мәлімет берілді.

Талғат Алдыбергенов:

➤ биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша эксплуатациялық жүк айналымы 8,6 пайызға ұлғайғанын айтты.

Транзит тасымалының көлемі 14,6 миллион тоннаға жеткен.

➤ Трансұлттық теміржол дәлізін қалыптастыру үшін 1700 шақырымнан астам жаңа желі салынып, 3 мың шақырым жол жаңғыртылып жатқаны туралы баяндады:

биыл Достық-Мойынты учаскесіндегі жолдың екінші бөлігі және Алматы бекетін айналып өтетін темір жол желісінің құрылысы аяқталады;

Дарбаза – Мақтаарал жобасын іске асыру жалғасуда;

Бақты – Аягөз және Қызылжар – Мойынты желілерінің құрылысы басталды.

➤ Терминал желілерін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде мәлімет берді.

➤ Цифрландыру мәселесіне айрықша назар аударылатынын жеткізді:

Әлемдік деңгейдегі инновацияның көшбасшыларымен бірлесіп, теміржол көлігінің сапасын жақсарту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынған;

Транскаспий халықаралық көлік дәлізіндегі транзиттік декларацияны ресімдеу уақыты 8 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның транзит әлеуетін және экономикасын дамытуда компания үлкен рөл атқаратынын атап өтіп, көлік инфрақұрылымын одан әрі жаңғыртудың маңызына тоқталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары