Алматыда SubaruImreza WRX STI мен Cadillac Escalade көлігі бірімен-бірі соқтығысып, салдарынан екі адам қаза болды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек айтты, деп хабарлайды «Қазақпарат».
— Оқыс оқиға әл-Фараби көшесі мен Арайлы көшесінің қиылысында таңғы сағат 4-те болған. Ауыр жол апаты салдарынан 1994, 1996 жылғы бойжеткен мен бозбала оқиға орнында қаза болды. Екі көліктің де жүргізушілері ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылды, — деді С.Әзірбек.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 96 бабының 3-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.