$ 543.24  619.89  6.78

Павлодар облысында футбол қақпасы бес жастағы баланы басып қалды

Баланың ата-анасы жауапқа тартылды.

Фото: Павлодар облысы Полиция департаменті
Фото: Павлодар облысы Полиция департаменті

Павлодар облысында бес жасар бала футбол қақпасының астында қалып, ауыр жарақат алды. Оқиға 31 шілде күні Жертұмсық ауылында болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазір бүлдіршін облыстық балалар ауруханасында жатыр. Дәрігерлер оның бас-ми жарақатын және ми шайқалуын анықтады.

Полицияның мәліметінше, қақпа дұрыс бекітілмеген, әрі ойын алаңы ресми түрде ешбір мекеменің балансында болмаған – оны ауыл тұрғындары өз беттерінше орнатқан.

“Орын алған жағдайға байланысты аудан әкіміне тиісті ескерту жіберілді”, – деп хабарлады полиция департаменті.

Сонымен қатар, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін ата-анасына әкімшілік жауапкершілік жүктелді.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары