02.08.2025, 17:30

Алматыда жантүршігерлік жол апаты: Көлік ағаштың басына ілініп қалды

Фото: instagram/kris.p.live

Жол-көлік оқиғасы 2025 жылдың 1 тамызы кешкі уақытта Түрксіб ауданында болды.

Көлікті 20 жастағы қыз тізгіндеген. Ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Майлин көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан Daimler Chrysler автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, алдымен ағашқа, кейін көше шамының бағанасына соғылған”, – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Апаттың мән-жайын анықтауға Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлері кірісті.