$ 543.24  619.89  6.78

Ақмола облысында Көбейтұз көлін тағы да вандалдар бүлдіріп жатыр

Кейбір келушілер көл түбінен қызғылт тұз жинап, оны интернет арқылы килограммын 5 мың теңгеге дейін сатып жатыр.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Ақмола облысында еліміздің ең көрікті әрі нәзік табиғи нысандарының бірі — Кобейтуз қызғылт көліне қайта зиян келтірілуде. Астана қаласынан шамамен 150 шақырым қашықта орналасқан ерекше су айдыны туристердің немқұрайлы әрекеттерінен зардап шегіп отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кейбір келушілер көл түбінен қызғылт тұз жинап, оны интернет арқылы килограммын 5 мың теңгеге дейін сатып жатыр. Мұндай әрекеттер су айдынының сирек кездесетін экожүйесіне елеулі зиян келтіретіні айтылып келеді.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары құқық бұзушыларды анықтауға кірісті.

Айта кетейік, Кобейтуз көлі 2020 жылы ерекше қызғылт түсімен ел назарын аударып, бірден танымал туристік нысанға айналған. Алайда сол жылы көлге ағылған халықтың селфи жасап, тұз жинауға ұмтылғаны табиғи апатқа әкеле жаздады. Сол себепті билік су айдынына кіруді уақытша шектеуге мәжбүр болды.

Экологтар жұртшылыққа ескерту жасады: Кобейтуз — фото түсіретін студия да, сувенир сататын дүкен де емес. Бұл – мұқият қорғалып, сақталуы тиіс табиғи мұра.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары