Оқиға 31 шілдеде болған.
Маңғыстау облысында өткен той соңы жанжалмен аяқталды – Мұнайлы ауданындағы үйлену тойы көше төбелесіне ұласқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы 2 тамызда Lada.kz өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап мәлімдеді.
Оқиға 31 шілдеде болған. Той қонақтарының арасында туындаған ауызша жанжал кейін төбелеске ұласқан.
Әлеуметтік желіде тараған видеода ақ жейде киген бірнеше жігіттің жолдың қақ ортасында төбелесіп жатқан сәті түсіп қалған.