$ 544.26  634.72  6.52

16 қыркүйектен бастап Қазақстанда ажырасу рәсімі жеңілдейді

Жаңа ережелер кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға да қатысты қолданылады.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді кейбір жағдайларда некені бір тараптың өтініші бойынша бұзуға болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл мүмкіндік мынадай жағдайларда қарастырылған:

  • егер екінші жұбай сот шешімімен хабар-ошарсыз кеткен деп танылса;
  • әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылса;
  • кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырылса;
  • сондай-ақ егер жұбайлардың бірі халықаралық іздеуде үш жылдан астам уақыт болса.


Жаңа ережелер кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға да қатысты қолданылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 5
Күлкілі 6
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ажырасу #заң