06.08.2025, 00:30

Өскеменде 4 жасар бала терезеден құлап кетті

Фото: Pixabay

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері өңір бойынша 7 бала терезеден құлап кеткен.

Өскемен қаласында төртінші қабаттың терезесінен құлап кеткен бүлдіршін ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға Жібек маталар комбитаты ықшам ауданындағы Көкжал Барақ көшесінде болған. Үйде қараусыз қалған 4 жасар қыз терезеден құлап кетті. Бүлдіршін түрлі дене жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

– Бала әуелі жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазір оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланған. Ана мен бала орталығының дәрігерлері қажетті ем-домын жасап жатыр, - деп хабарлады ШҚО Денсаулық сақтау басқармасынан.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері өңір бойынша 7 бала терезеден құлап кеткен.