07.08.2025, 10:40

Бүгін – Бекболат Тілеуханның туған күні (ВИДЕО)

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туған.

Бекболат Қанайұлы Тілеухан 1966 жылы 7 тамызда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде туған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

59 жыл бұрын (1966) – мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Дүниежүзілік этноспорт федерациясының бірінші вице-президенті Бекболат Қанайұлы ТІЛЕУХАН дүниеге келді. 

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туған. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын және аспирантурасын бітірген.

Еңбек жолы: 1992-2001 жылдары Алматы консерваториясының оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, 1996-1997 жылдары Республикалық гвардия жанындағы Президент оркестрі фольклорлық ансамблінің жетекшісі, 1997-2001 жылдары Президент оркестрінің көркемдік жетекшісі, 2001-2002 жылдары ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы, 2002-2003 жылдары ҚР Мәдениет және қоғамдық келісім вице-министрі, 2003-2004 жылдары ҚР Мәдениет вице-министрі, 2004-2007 жылдары «Нұр Отан» партиясы тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2007-2011 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің төртінші шақырылымдағы депутаты болды. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті, 2016-2021 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісінің алтыншы шақырылымдағы депутаты, 2021 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің жетінші шақырылымдағы депутаты болды.

2021 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі қызметінде.

«Парасат» орденімен марапатталған. ҚР «Дарын» мемлекеттік сыйлығының және ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.