07.08.2025, 10:20

«Қызым ішкиімсіз жатты, үстінде жиенім»: Балқаштағы азаптау ісі бойынша күдіктінің жұбайы оқиғаның өз нұсқасын айтты (ВИДЕО)

Фото: Мадина Маратовнаның жеке парақшасы

Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, баланың азапталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Балқашта 8 жастағы баланың азапталуына қатысты атышулы іс бойынша жаңа мәліметтер шықты. Күдікті ретінде қамауға алынған ер адамның жұбайы — Нәсіпгүл Айдынова — жәбірленуші баланың туған тәтесі болып шықты. Ол күйеуінің әрекетін зорлық емес, қорқыныштан туған рефлекс деп түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айдынованың айтуынша, оқиға күні күйеуі кішкентай ұлын ұйықтатып, 8 жастағы жиені мен 4 жастағы қызын планшетпен ойнауға қалдырған.

«Күйеуім ашық тұрған есіктің жанынан өтіп бара жатып, қызымыздың ішкиімсіз, екі аяғын ашып жатқанын, ал үстінде — жиеніміз, оның да ішкиімі мен шортысы түсіп тұрғанын көреді. Сол сәтте шошып, жиенін итеріп жібереді де, қызымыздың денесін тексеріп, жарақат бар-жоғына қарай бастайды», — деді ол.

Оның айтуынша, ер адам баладан не істегенін сұрағанда, ол: «Бір-ақ рет тықтым», — деп жауап берген.

Айта кетейік, бұл дерек бойынша тергеу жалғасып жатыр. Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, баланың азапталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.