$ 539.49  627.7  6.75

«Дәрігерлер кінәлі!»: Қостанай облысында науқас медицина қызметкерін ұрып жіберді

Оқиға ауруханадағы өзге келушілердің көз алдында болды.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Бүгін Қостанай облыстық ауруханасының қабылдау бөлімінде оқыс оқиға орын алды. Келушілердің бірі тіркеушіні ұрып жіберді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы HALYQSTAN телеграм арнасына сілтеме жасап. 

Зардап шеккен – Алматы медициналық университетінің студенті Аяна Аменова. Ол жазғы демалыс кезінде ауруханада тәжірибеден өтіп жүрген болатын.

Оған шамамен 30 жастағы ашулы әйел келіп, дәрігерлердің салғырттығынан анасының көз жұмғанын айтып, Аянаның қолына қатты соққы жасаған.

Оқиға ауруханадағы өзге келушілердің көз алдында болды. Тіркеуші тұрған орыннан оң жақта – күзет қызметкері, ал сол жақта – посттағы полицей тұрған. Екеуінің де Аяна тұрған тіркеу орнынан арақашықтығы үш метрден аспайды.

HALYQSTAN тілшісі оқиға орнына шамамен жарты сағаттан кейін жетіп, зардап шеккен тараптың түсініктемесін жазып алды.

Аяна Аменованың айтуынша, бірнеше күн бұрын ауруханаға жүрек қағысының жиілеуі мен ентігуге шағымданған әйел жеткізілген.

Онымен бірге болған қызы анасының «невроз» диагнозы барын айтып, міндетті түрде невропатологтың тексеруінен өткізуді сұраған.

"Қаралғаннан кейін әйел амбулаториялық ем алу үшін үйіне жіберілді", – дейді Аменова.

Оқиғадан кейін 7-10 минуттан соң қабылдау бөліміне медицина қызметкерлерінің шақыруымен полиция патрулі келді.

Медициналық оқу орнының студентіне қол көтерген әйел 2-қабаттағы кабинетке әкетілді.

Қазір құқық қорғау органдары жанжалдасқан тараптар мен оқиға куәгерлерінен түсініктеме алып, тиісті құжаттарды толтырумен айналысып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары