$ 539.38  629.46  6.76

«Модельдік агенттік» атын жамылып 1 млрд тапқан жыныстық шоу әшкереленді

Тергеу жалғасып жатыр.

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

 

Еліміздің 10-нан астам қаласында, соның ішінде Өскеменде де, «модельдік агенттік» деген желеумен жас қыздарды жұмысқа тартып, жыныстық сипаттағы онлайн-трансляциялар жүргізіп отырған жасырын студиялар анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұйымдастырушылар 18 бен 25 жас аралығындағы қыздарға “айына 2 миллион теңгеге дейін табыс табасың” деп уәде беріп, шетелдік сайттар арқылы интимді мазмұндағы көрсетілімдер жасатқаны белгілі болды. Қылмыстық топ осы қызметтен 1 миллиард теңгеден астам табыс тапқан. Тінту кезінде 120-дан астам компьютер, камера, жарық шамдары және басқа да арнайы техника тәркіленді. Қазір бұл іске қатысы бар деген 14 адам ұсталды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары