$ 539.38  629.46  6.76

Астанада екі аяғынан айырылған қыз: автобус жүргізуші жазадан құтылды

Алайда жаңа рақымшылық заңы күшіне енгендіктен, іс жабылған.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Астанада болған жантүршігерлік жол апатына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Автобус жүргізушісі рақымшылық заңының аясында жауапкершіліктен босатылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полицияның ресми мәліметінше, жүргізушінің кінәсі толық дәлелденген — тергеу материалдары мен сараптама қорытындысы соны көрсеткен. Алайда жаңа рақымшылық заңы күшіне енгендіктен, іс жабылған.

Еске салсақ, жолаушылар мінген автобус бағанға соғылып, салдарынан 21 жастағы Алуа Бекен ауыр жарақат алған. Дәрігерлер оның екі аяғын кесуге мәжбүр болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары