$ 539.49  627.7  6.75

«Еш түсініктеме бермеген»: Алматыда зейнеткердің гүлін тартып алған полицей жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)

Алматы қалалық Полиция департаменті бұл жайтқа қатысты қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеді.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматыда зейнеткердің гүлін тартып алған полицей оқиғасы қоғамда резонанс тудырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада тәртіп сақшысының зейнеткер әйелдің сатылымдағы гүл шоғын алып, ешқандай түсініктеме берместен қызметтік көлігінің жүксалғышына салып кеткені көрінеді. Оның үстіне, куәгердің “Неге алып жатырсыз?” деген сұрағына да, зейнеткердің наразылығына да жауап қатпаған.

Зейнеткердің айтуынша, ол сауда жасауға рұқсаты бар.

Алматы қалалық Полиция департаменті бұл жайтқа қатысты қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеді.

“Тексеру аяқталған соң кінәлі қызметкерге қатаң тәртіптік жаза қолданылады. Айта кету керек, осы аумақта рұқсатсыз сауда фактілері бұған дейін де бірнеше рет тіркелген”, – деп хабарлады ведомство.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары