$ 539.49  627.7  6.75

Энергетика саласындағы ірі қадам: Елде алғашқы АЭС құрылысы ресми түрде басталды

Бұл жоба Қазақстан тарихындағы энергетика саласындағы ең ірі қадамдардың бірі болмақ.

 

Фото: Еламан Тұрысбеков/Kazinform
Фото: Еламан Тұрысбеков/Kazinform

Балқаш жағасындағы Үлкен ауылында еліміздің алғашқы атом электр станциясының құрылысына дайындық басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгін мұнда «Росатом» өкілдері, ҚР Атом энергиясы агенттігі мен энергетика компанияларының басшылары жиналып, ірі жобаның ресми басталатынын мәлімдеді.

АЭС-тің макеті көпшілікке алғаш рет таныстырылды. Жоспар бойынша станция Балқаш маңында салынып, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтуге бағытталады.

Бұл жоба Қазақстан тарихындағы энергетика саласындағы ең ірі қадамдардың бірі болмақ.

Салтанатты шараға ҚР Атом энергетикасы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев, «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёв және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары