$ 539.49  627.7  6.75

«Нұрқанат Ғайыпбаев өз өзіне қол салған». Іс не себепті тоқтатылды?

Айта кетейік, Нұрқанат Ғайыпбаевтың мәйіті 2024 жылдың желтоқсанында табылды.

Фото: dalanews.kz
Фото: dalanews.kz

Алматы облысы прокуратурасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың қазасынан кейін қозғалған қылмыстық істің не себепті тоқтатылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді. Жиналған дәлелдеме, сараптама қорытындылары және өзге де материалдар негізінде Нұрқанат Ғайыпбаевтың өзін-өзі өлтіру (суицид) салдарынан қайтыс болғаны анықталды. Үшінші тұлғалардың ықпалымен өзін-өзі өлтіруге итермелеу фактілері анықталған жоқ», – деп жауап берді облыс прокуратурасы.

Айта кетейік, Нұрқанат Ғайыпбаевтың мәйіті 2024 жылдың желтоқсанында табылды. Жергілікті полиция оның өзіне қол салған болуы мүмкін екенін айтқан.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары