Әлеуметтік желіде қызу пікірталас туындап, блогерге көптеген сын айтылуда.
Ақбергенова Нұршат есімді кондитер өзінің кәсіби еңбегіне төлем ала алмай жүргенін ашық айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол танымал қазақстандық блогер Аселина Батырдан 600 мың теңгеге тапсырыс қабылдап, 18 келі ауырлығындағы ерекше тортты дайындаған. Торттың екі қабаты муляж, үстіңгі екі қабаты нағыз тәттілерден тұруы тиіс болған. Бірақ блогер ақшасын беруден бас тартып, тіпті кондитерді бұғаттап қойған.
“Тек тортқа кеткен шығын – 440 мың теңге. Барлық чек қолымда. Торт тапсырыс беруші мен қонақтарына ұнаған сияқты, бірақ мен әлі еңбекақымды ала алмай жүрмін,” – дейді Нұршат.
Ал Аселина Батыр болса, торттың нақты құнын білмегенін айтып, 300 мың теңге дайындағанын, қалған ақшаны кейін төлейтінін айтқан. Оның пікірінше, торттың 18 келі емес, тек 8-9 келісі ғана жеуге жарайды, ал қалғаны – безендіру.
Әлеуметтік желіде қызу пікірталас туындап, блогерге көптеген сын айтылуда. Аселина сотқа жүгінетінін мәлімдеп, мәселені заң аясында шешпекші. Бұл дау әлеуметтік желіні шулатып, талқылау әлі де жалғасатын түрі бар.