$ 542.29  629.54  6.77

«Фаризадан Айжұлдыз мың есе артық»: Әлеуметтік желіде блогерлерді салыстырған жазба қызу талқыға түсті

Жазба авторының айтуынша, Айжұлдыз — сауатты, курсын сатып көрмеген, тігін тігеді, модельдікпен айналысады, музыкамен шұғылданады, өзін жан-жақты дамытқан.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Әлеуметтік желіде тараған жазбада автор Айжұлдыздың Фаризадан «мың есе артық» екенін ашық жазып, оның жетістіктерін тізіп шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жазба авторының айтуынша, Айжұлдыз — сауатты, курсын сатып көрмеген, тігін тігеді, модельдікпен айналысады, музыкамен шұғылданады, өзін жан-жақты дамытқан. Сондай-ақ, ол шетелде білім алып, бірнеше жоғары оқу орнында оқыған.

«Бір сұхбатында: ‘Былай ақыл айтуға ұяламын’ дегенін естігенмін, бірақ өзі үлгі боларлық нағыз жұлдыздың қызы. Ақты – ақ, қараны – қара деп айта алатын ақылдылығына таң қалғанмын», – деп жазады автор.

Бұл пікір желі қолданушылары арасында қызу талқы туғызды. Бірі Айжұлдыздың ашықтығын, еңбексүйгіштігін және жасөспірімдерге берер үлгісін қолдаса, енді біреулері блогерлерді салыстырудың қажеті жоқ екенін айтты.

Пікірлерден үзінділер:
«Фаризамен Айжұлдыздың подкастарын тыңдап көрсең, Айжұлдыздың қаншалық білімді екенін көресің, сұхбатын тыңдау – ғанибет»;
«Неге екеуін салыстырып жаздыңыз? Екеуі екі бөлек адам ғой»;
«Өз қазағыңа қолдау беріңдерші, әр қыздың өз аудиториясы бар»;
«Фаризаның курсын алатындар, кітапта, интернетте су тегін тұрған нәрселерді сатып алмай-ақ қойыңдар».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 3
Күлкілі 4
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары