$ 542.66  631.98  6.77

Қазақстанда пәтер құны тағы да шарықтады: жаңа үйлер +9,6%, екінші нарық +7,3% бір жылда

Сарапшылардың айтуынша, нарықтағы баға өсуі құрылыс шығындарының артуымен және сұраныстың тұрақты жоғары болуымен байланысты.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстанда баспана бағасы бір жыл ішінде айтарлықтай қымбаттады. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылдың шілдесінде жаңа құрылыстағы пәтердің орташа бағасы 1 шаршы метр үшін 528,5 мың теңге болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ең қымбат қалалар:
Алматы — 647,7 мың тг/ш.м
Астана — 595,5 мың тг/ш.м
Атырау — 512,2 мың тг/ш.м

Екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы да өсті — орта есеппен 551,9 мың теңге/ш.м. Мұнда да көшбасшылар өзгермеді:
Алматы — 688,6 мың тг/ш.м
Астана — 652 мың тг/ш.м
Атырау — 485,5 мың тг/ш.м

Шілде айында пәтер бағасы ең көп қымбаттаған өңірлер:
Талдықорған — +5,7%
Түркістан — +5,6%
Петропавл — +3,2%

Сарапшылардың айтуынша, нарықтағы баға өсуі құрылыс шығындарының артуымен және сұраныстың тұрақты жоғары болуымен байланысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары