Республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы антициклон жотасының ықпалында болады.
Қазақстанда алдағы сәрсенбі, 2025 жылғы 13 тамызда, найзағай ойнап, нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады, сондай-ақ аптап ыстық болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Гидрометорталықтың мәліметінше, республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы антициклон жотасының ықпалында болады.
"Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсерінен батыста, солтүстікте, шығыста және еліміздің орталығында найзағайлы жаңбыр жауады, солтүстік-батыста және солтүстікте бұршақ аралас қатты жаңбыр, екпінді жел күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстікте – тұман, күндіз оңтүстікте – шаңды дауыл болады", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
Болжамға сәйкес, күндіз:
Қатты ыстық
Өте қатты ыстық
Сондай-ақ синоптиктер бірқатар өңірлерде өрт қаупі болатынын хабарлады:
Жоғары өрт қаупі – Батыс Қазақстанда, Атырау облысының солтүстігі мен батысында, Ақтөбе облысының батысы мен шығысында, Қызылорда облысының орталығында, Жамбыл облысының оңтүстігі мен орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, Ұлытау облысының орталығында, Жетісу облысының батысы, солтүстігі мен орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстік-батысы мен орталығында, Алматы облысының оңтүстігінде.
Аса жоғары өрт қаупі – Түркістан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы, солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде, Алматы облысының батысы, солтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының солтүстігі, батысы мен шығысында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, сондай-ақ Ұлытау, Абай облыстарында.