$ 537.96  630.27  6.73

Атырауда сотталған адамды шатастырып мерзімінен бұрын босатып жіберген

Оқиға тергеу изоляторында тегі бірдей адамдардың шатасуына байланысты болған.

Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Атырау облысындағы тергеу изоляторында қызметкердің қателігінен басқа тұтқын мерзімінен бұрын босатылып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қызметкердің жіберген қателігі салдарынан сотталған адамды мерзімінен бұрын босату туралы құжат рәсімделген. Аталған заң бұзушылық дер кезінде анықталып, жолы кесілді", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта жазасын өтеуші азамат түзету мекемесіне қайтарылды.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қызметтік тергеу жүріп жатыр. Кінәлі лауазымды тұлғалар заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады", – деп хабарлады комитет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары