$ 538.03  629.23  6.74

Жетісу облысында су тасқыны болып, электр станциясын істен шығарды (ВИДЕО)

Күшті ағын бірнеше минут ішінде станция ғимараты мен жабдықтарын суға батырып, жұмысын толық тоқтатты.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Жетісу облысының Сарқан ауданындағы Екіаша ауылы маңында орналасқан Верхне-Баскан гидроэлектростанциясында ірі апат болды. Куәгерлердің айтуынша, алдымен қатты гуіл естіліп, артынша судың атқылаған тасқыны бүкіл аумақты басып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Күшті ағын бірнеше минут ішінде станция ғимараты мен жабдықтарын суға батырып, жұмысын толық тоқтатты.

Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар мен полиция келіп, аумақты қоршауға алды. Барлық қызметкерлер қауіпсіз жерге шығарылды. Су тасқынын түнге қарай ғана тоқтату мүмкін болды.

2015 жылы іске қосылған, қуаты 2,4 мегаватт болатын бұл шағын станция бірнеше ауылға жарық беріп келген.

Апаттың себебі әзірге белгісіз. Ал ауыл тұрғындары: «Жиі тексерістен өтіп, жөндеу жүргізілетін нысанда бұлай болуы мүмкін бе?» – деп алаңдаулы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары