Бұл ақпаратты ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі растады.
2025 жылғы 13 тамыздан бастап SpaceX компаниясына тиесілі Starlink спутниктік интернеті Қазақстанда ресми түрде жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстанның Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, Starlink жүйесі төмен орбитадағы спутниктер желісі арқылы жоғары жылдамдықты және тұрақты интернетпен қамтамасыз етеді. Бұл технология шалғай және инфрақұрылымы шектеулі аймақтардағы тұрғындарға да заманауи цифрлық сервистерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Starlink — SpaceX компаниясына тиесілі жоба, оның басты артықшылығы – интернеттің үздіксіз жұмыс істеуі және байланыс сапасының жоғары болуы, тіпті қолжетпейтін аймақтарда да.