Әлеуметтік желілерде бұл жағдай үлкен талқылауға түсіп, пікір екіге бөлінді: бір бөлігі блогерді қолдаса, екінші бөлігі ашық есеп беруді талап етуде.
Қазақстанда қайырымдылықпен айналысатын блогерлердің жұмысына қатысты тексерістер күшейіп жатыр. Жуырда Перизат ісінен кейін бірнеше танымал блогердің қызметі құқық қорғау органдарының назарында екені белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Солардың қатарында әлеуметтік желі арқылы халықтан ақша жинап, тұрмысы төмен отбасыларға үй сыйлаумен танылған Ырысбала Икрамбай да бар. Белгілі болғандай, оның қайырымдылық науқандары мен қаржының жұмсалу тәртібі тексерілуде.
Әлеуметтік желілерде бұл жағдай үлкен талқылауға түсіп, пікір екіге бөлінді: бір бөлігі блогерді қолдаса, екінші бөлігі ашық есеп беруді талап етуде.
Ресми органдар әзірге тексеріс нәтижелері туралы толық ақпарат берген жоқ. Бірақ мамандар мұндай жағдай қайырымдылық саласында ашықтық пен сенімділікті арттыруға себеп болуы мүмкін екенін айтады.