$ 537.96  630.27  6.73

Қазақстан Каспий теңізін құтқару үшін 305 млн теңге бөлді

Бөлінген қаржы заманауи зертханаларда талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

Фото: kzaif.kz
Фото: kzaif.kz

Қазақстан Үкіметі Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын терең зерттеуге қосымша қаржы бөлді. Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Жақыповтың мәліметінше, Казақ ғылыми-зерттеу институтының жұмысына 305 миллион теңге бағытталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Институт ғалымдары теңіздегі балық қорының азаюын, итбалықтардың қырылу себептерін, климаттың өзгеруін және судың сапасын зерттейді. Бөлінген қаржы заманауи зертханаларда талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

Каспий – бірегей экожүйе әрі батыс өңірлердің тұрақты дамуы үшін маңызды су айдыны. Қазақстанның Каспийдегі жағалау сызығы 2320 шақырымды құрайды – бұл барлық прикаспий елдері ішіндегі ең ұзын көрсеткіш. Бұған дейін экологтар теңізді қалпына келтіру бойынша бірқатар ұсыныс жасаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары